КМҚК «№13 «Балапан» бөбекжай – бақшасы
2019жылдың сәуір айында бөбекжай бақшамызда үлкен қалалық семинар өткен болатын семинарға бөбекжай бақша директорлары және қалалық білім бөлім қызметкерлері қатысты
Қалалық семинар: Рухани жаңғыру аясында: Болашаққа бағдар - «Болашақтың кішкентай зерттеушілері» Балабақшадағы жаңа инновациялық технологияларды жобалаудың тиімділігі
Мақсаты:
Жобалау әдісі балабақшадағы жаңаша бағыттағы инновациялық педагогикалық технология. Біздің балабақшадағы жобалау әдісі – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасы мен танымдық, коммуникативтік кезеңдегі процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекеттерінкөрсету.
Жобалаудың жаңашалдық бағытағы инновациялық технологиясының тиімділігі: пәндік жобалап оқытуда балалардың логикалық дәрежеде ойлау белсенділігін зерттеу,өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерін арттыру. Жоба барысында баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы және өз беттерінше тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдері мен шығармашылықтарын дамыту.
Тақырыбы: Таңғажайып аралар
Жобаның мақсаты:
Балаларға ара туралы, олардың отбасы, балдың қасиеті, балауыздың құрылымы, омарташы өнімі туралы білімдерін қалыптастыру.Аралар тіршілігін және омарта өнімдерін зерттеу. Олардың тіршілікте және адам өмірінде маңыздылығын зерттей білу. Жоба барысында балалардың шығармашылық және танымдық қабілетін жетілдіруге жағдай жасау.
Балабақшада балалармен пәнік іс-тәжірибелер, ойындар, түрлі тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.Аралардың тіршілік жағдайын анықтау және іс-тәжірибелер жасау арқылы тұжырымдай біліп, нәтижеге жету.
http://13-balapan.goroo-atyrau.kz/ja%C5%84alyqtar-%E2%84%9613-balapan/228-qalalyq-sem%C4%B1nar.html#sigFreeId06c6f25048
- Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері және оның емдік қасиеттері»
Жобаның мақсаты: Балаларға бөлме өсімдіктері туралы білім беру, оларға күтім жасау ережелері мен олардың өмір сүру үшін маңызы, адамға бөлме өсімдіктері үшін ролі, жобаның барлық қатысушыларының экологиялық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру.- ізденіс қызметінің бастапқы алғы шарттарын қалыптастыру;- балалардың іздестіру қызметіне жағдай жасау;-емдік қасиеттерімен жете танысу;
http://13-balapan.goroo-atyrau.kz/ja%C5%84alyqtar-%E2%84%9613-balapan/228-qalalyq-sem%C4%B1nar.html#sigFreeIdc523fa2e87
3.Тақырыбы «Біз табиғатпен достасамыз»
Жобаның мақсаты
Балаларды табиғатты қорғау қызметінің әрқилы түрлері туралы білімін қалыптастыру. Балаларды тұрмыстық қалдықтар және олардың сипаттары туралы тереңірек және кеңірек білім беру барысында олардың экологиялық мәдениетін және табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым - қатынастарын қалыптастыру.
http://13-balapan.goroo-atyrau.kz/ja%C5%84alyqtar-%E2%84%9613-balapan/228-qalalyq-sem%C4%B1nar.html#sigFreeId1c24f733ce
- Тақырыбы: «Менің туған өлкемнің пайдалы қазбасы –Тұз»
Жобаның мақсаты: Туған өлкеде (Индербор кенті) өндірілетін қазбалы байлық тұзды мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеп бақылау. Күнделікті өмірде және халық медицинасындағы ас тұзының ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу. Тұзды қолданып, әр түрлі тәжірибелер арқылы ғылыми тұрғыдан қасиеттері мен қоршаған тортадағы өзгерісін анықтау.
http://13-balapan.goroo-atyrau.kz/ja%C5%84alyqtar-%E2%84%9613-balapan/228-qalalyq-sem%C4%B1nar.html#sigFreeIdfc8a6b344a